«Лидс Юнайтед» өзінің ресми сайтында бас бапкер Марсело Бьелсамен келісім-шартты бұзғанын хабарлады.
«Марселоның клубтағы барлық жетістіктерін ескере отырып, бұл «Лидс Юнайтедте» қабылдауға тура келген ең қиын шешім болды. Марселоның басшылығымен біз керемет үш маусым өткіздік, ол «Элланд Роудқа» қызыққа толы сәттерді қайтарды. Клубтың мәдениетін өзгертіп, жеңіске жету менталитетін орнатты. 2019/2020 жылғы маусымда бәріміздің басымыздан өткен сәттер, әрине, ұзақ уақыт жадымызда сақталады. Дегенмен, мен клубтың мүддесі үшін әрекет етуім керек және менің ойымша, Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалу үшін қазір өзгерістер қажет. Соңғы нәтижелер біздің көңіліміздег шықпады», - деді «Лидс» басшысы Андреа Радриццани.
Айта кетейік, «Лидс Юнайтед» соңғы төрт матчта «Эвертоннан» (3:0), «Манчестер Юнайтедтен» (4:2), «Ливерпуль» (6:0) және «Тоттенхэмнен» (4:0) ірі есеппен жеңілген болатын. 26 турдан кейін 23 ұпай жинаған «Лидс» турнирлік кестеде 16-орында тұр.
Жақын арада америкалық жаттықтырушы Джесси Марш «Лидстің» бас бапкері атанады. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады.
Оның айтуынша, тараптар арасында толық мәміле жасалған. Алдағы бірнеше сағатта 48 жастағы маман жаңа қызметіне кіріседі.
Біздің серіктес: FONBET