Ресейдің танымал спорт журналисі Александр Троицкий Орталық Азия елдеріндегі бапкерлер мәселесіне назар аударды. Ол өзінің Telegram арнасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы жағдайды салыстыра отырып, аймақтағы ортақ проблеманы атап өтті.
“Орталық Азиядағы бес құраманың төртеуінде бас бапкер мәселесі әлі шешілмегенін енді ғана түсіндім. Әр елге жеке қарасаң байқалмайды, бірақ бүкіл суретті бірге көргенде мәселе анық. Қазір тек Түрікменстан ғана тұрақты – Ровшан Мередов өз орнында. Қазақстанда Әли Әлиев кеткендей де, кетпегендей де көрінеді. Қырғызстанда Урмат Абдукаимов уақытша бапкер қызметін атқарып жүр. Тәжікстанда тіпті бапкер жоқ. Ал Өзбекстанда Тимур Кападзе әлі формалды түрде бас бапкер, бірақ жаңа шетелдік маман іздеу әлі жалғасып жатыр.” – деп жазды Троицкий.
Біздің серіктес: FONBET