Бір жылға жуық жалғасып келе жатқан дау қайтадан жаңа өзгеріске ұласты, деп хабарлайды Aladop.kz.
AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше бұған дейін Қазақстан Республикасының Кассациялық соты Әли Әлиев пен "Қызылжар" футбол клубы арасындағы келіспеушілікке нүкте қойған болатын. Сот 2024 жылдың 3 қаңтарында жасалған №34-2024 келісімшартты толық заңды деп танып, клубты бұрынғы бас бапкердің еңбекақысын және өсімпұлын төлеуге міндеттеген.
Бірақ "Қызылжар” тағы екі қосымша келісімді заңсыз деп жариялап, олардың да жарамсыз екенін мойындату үшін жаңа талап-арыз түсірген. Бұған дейінгі сот шешімдерін ескерсек, клубтың бұл қадамын тек уақыт созу әрекеті ретінде қабылдауға болады. Себебі шешімнің өзгермеу мүмкіндігі жоғары.
Осындай қадамдар клубтың төлеуі тиіс ірі қаржылық соманы мүмкіндігінше кейінге қалдыруға, тіпті болашақта басқаруға келетін жаңа басшылықтың мойнына артып жіберуге бағытталған болуы ықтимал.
Қарыз көлемі аз емес – өте қомақты көрінеді.
Біздің серіктес: FONBET