Осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық футбол лигасы (ҰФЛ) директорының орынбасары қызметін атқарып келген Олжас Абраев осы ұйымның директоры болып сайланды.
Негізі, Ұлттық футбол лигасының директоры қызметін соңғы маусымда Михаил Гурман атқарған болатын. Алайда өткен жылдың соңғы айында бұл қызметке Қаныш Әубәкіров тағайындалған. Сондай-ақ Қаныш Қайдарұлы ҚФФ-тың тағы бір тізгінін қолына ұстаған. Яғни бірінші вице-президент қызметіне де тағайындалды. Дегенмен мемлекеттік маңызы зор бірнеше жобаны қатар алып жүру ауыр соғатындықтан, Қаныш Әубәкіров ҰФЛ директоры қызметінен босатылды.
Ал үлкен спорттағы қызметін ең алғаш Алматы футбол федерациясындағы жауапты хатшылықтан бастаған 27 жасар Олжас Абраев осы уақытқа дейін бірнеше маңызды орында қызмет атқарған.