Талдықорғанның "Жетісуының" намысын қорғаған шабуылшы Әлияр Мұхамед клуб ауыстырды.
23-жасар футболшы енді "Оқжетпестің" жейдесінде өнер көрсетпек.
Осы маусымда Әлияр Мұхамед талдықорғандық команда сапында 9 ойынға қатысқан. Сондай-ақ, осыған дейін жас футболшы отандық тағы бірқатар ұжымдарда өнер көрсетті. Атап айтсақ, "Тұран","Мақтарал" және "Академия Оңтүстік" командаларында доп тепті. Жалпы, Әлияр Мұхамед Қазақстан премьер-лигасында 60 рет алаңға шығып, 1 гол салған.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 14 турынан кейін "Жетісу" сегізінші орында келеді. Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын талдықорғандық ұжымның қоржынында 17 ұпай. Сондай-ақ, жазғы трансферлік ауысымда "Жетісудан" Цотнэ Мосиашвилидің де кеткені белгілі. Грузиялық легионер "Тобылдың" қатарын толықтырды.
Біздің серіктес: FONBET