Жарнама
Жарнама

Лихтенштейн мен Қазақстанның ең қымбат ойыншылары кімдер? Қос құраманың жалпы бағасы да салыстырылды

25.03.2025, 16:58

Transfermarkt.de порталының мәліметіне сәйкес, Лихтенштейн құрамасының бағасы 950 мың еуроға тең.

Лихтенштейн құрамасы
Жарнама
Жарнама

Ал шағын мемлекет командасының бүгінгі қарсыласы әлдеқайда қымбат - Қазақстан құрамасының құны 13,48 миллион еуро. 

Алаң иелерінің қатарындағы ең қымбат футболшы қорғаушы Ларс Трабер - 250 мың еуро. Ал Әли Әлиев жаттықтыратын команда жейдесіндегілердің арасындағы ең жоғары бағаға ие қорғаушы Нұралы Әліп. «Зениттің» өкілі - 3,5 миллион еуро. 

Бұл тізімде одан кейін Максим Самородов (1,8 млн еуро) пен Ислам Чесноков (800 мың еуро). 

Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында өзінің екінші кездесуін өткізеді. Бүгін ұлттық команда Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізбек. Бұл матч біздің уақытпен 00:45-те басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров