2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынынан кейін Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Пресс-конференция барысында кейбір сұрақтардың бірі Фюнфштюкке Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына қызығатынын білдірді ме дегенге қатысты болды.
Лихтенштейн маманы былай деп жауап берді:
“Мен кәсіби футболшылармен жұмыс істедім, бірақ қазір Лихтенштейн құрамасында қызмет атқарып жатырмын, және өзіме бәрі ұнайды. Қазақстанның болашағы зор деп ойлаймын, құрамасы тамаша, ел де керемет. Сіздерге сәттілік тілеймін.” – деді ол.
Осылайша, Конрад Фюнфштюк Қазақстан құрамасының бас бапкері болуға қызығушылық танытпай, қазіргі қызметіне көңілі толатынын білдірді.
Біздің серіктес: FONBET