Франция чемпионатының соңғы турында "Лилль" сырт алаңда "Анжені" 2:1 есебімен жеңді. Матчтағы алғашқы голды 10-минутта "Лилль" шабуылшысы Джонатан Дэвид соқты. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Бурак Йылмаз пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. Ал алаң иелері сапында Фюльжени 90-минутта көзге түсті.
Бұл жеңіс Кристоф Галтье шәкірттеріне Франция чемпионы болуға мүмкіндік берді. Лигадағы 38 матчта "Лилль" 83 ұпай екінші орында тұрған ПСЖ-дан бір ұпайға озып кетті.
"Лилль" Франция чемпионатының ағымдағы маусымында 38 матч өткізіп, 24 рет жеңіске жетті, 11 ойында тең түсіп, 3 мәрте жеңілістің дәмін татуға мәжбүр болды. Түркия құрамасының шабуылшысы Бурак Йылмаз 16 гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.
Айта кетейік, "Лилль" өз тарихында төртінші мәрте ел чемпионы атанды (1945/46, 1953/54, 2010/11, 2020/21).
Біздің серіктес: FONBET