Жарнама
Жарнама

«Лилль» - Франция Суперкубогінің иегері

02.08.2021, 14:42
ПСЖ сапында бұл ойынға Неймар мен Мбаппе қатыспады.
Жарнама
Жарнама

"Тель-Авивтегі" (Израиль) "Блумфилд" стадионында Франция Суперкубогі сарапқа салынды. Маусымдағы алғашқы трофей үшін Франция кубогінің иегері ПСЖ мен Франция чемпионы "Лилль" таласты. Матч минималды есеппен "Лилльдің" пайдасына аяқталды.

Бұл кездесудегі жалғыз голды 45-минутта Шека соқты. Париждіктер айтарлықтай допқа иелік еткенімен, жауапты голды соға алмады.

Осылайша, "Лилль" Франция Суперкубогін алғаш рет жеңіп алды. Бұған дейін клуб екі рет осы трофей үшін күрескен еді - 1955 және 2011 жылдары.

"Лилль" Суперкубокта ойнау құқығына 2020/21 жылғы маусымда Франция чемпионатында топ жару арқылы ие болды. Соңғы рет команда 2010/11 жылғы маусымда Франция чемпионы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров