Англия Премьер-лигасының аутсайдері "Шеффилд Юнайтед" "Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушысы Джесси Лингардты жалға алуға ниетті.
Manchester Evening News-тің хабарлауынша, "Шеффилд Юнайтедтің" бас бапкері Крис Уайлдер "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Оле Гуннар Сульшерден Премьер-лиганың 13-тур матчы кезінде келісім жасау мүмкіндігі туралы сұрады. Норвегиялықтың бұл трансферге қарсы еместігі атап өтілді.
Осы маусымда 28 жастағы футболшы Англия лигасының кубогында 2 матч өткізді. Лингардтың "Манчестер Юнайтедпен" келісімшарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады. Клубтың еңбек келісімшартын тағы бір маусымға ұзартуға мүмкіндігі бар.
28 жастағы Лингард - "Манчестер Юнайтедтің" тәрбиеленушісі. Ол Англия Премьер-лигасының 133 матчында 18 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET