Жарнама
Жарнама

“Лион” қаржылық мәселелерге байланысты Лига 1-ден шеттетілді

25.06.2025, 08:00

Францияның "Лион" клубының қаржылық жағдайы қаралған Ұлттық бақылау және басқару дирекциясының (DNCG) отырысы өтті. Оған клубтың иесі Джон Текстор да қатысты.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында егер жағдай жақсармаған жағдайда, команда екінші дивизионға түсіріледі деп ескерту жасалған еді.

Алайда Текстордың дәлелдері комиссия мүшелерін иландыра алмады, сондықтан олар "Лионды" төменгі лигаға яғни Лига 2-ге түсіру туралы шешімді бекітті.

Клубтың бұл шешімге қарсы апелляция беру құқығы бар.

Бұған дейін "Лион” клубының 505,1 миллион еуро қарызы бары хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров