Жарнама
Жарнама

«Лион» мен «Марсель» арасынданы матч екінші минутта тоқтап қалды

22.11.2021, 17:10
Бұл жолы да Димитри Пайе зардап шекті.
Жарнама
Жарнама

Франция чемпионатының 14-турындағы «Лион» - «Марсель» матчы екі минут өтпей жатып тоқтап қалды. Төреші жанкүйерлердің әрекетіне байланысты ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. «Лион» жанкүйерлері «Марсельдің» жартылай қорғаушысы Димитри Пайеге бөтелке лақтырды. Ол бұрыштамадан пас асыруға барған футболшының басына тиді.

Дәл осы сәтте «Лион» жанкүйерлерінің бірі Пайеге бөтелке лақтырған жанкүйерді байқап қалыпты. Көп ұзамай полиция қызметкерлері кінәлі адамды тұтқындаған екен.

Бас төреші Рудди Букке матчты ұйымдастырушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады деген себеппен ойынды жалғастырмау туралы шешім шығарды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров