Жарнама
Жарнама

Лионель Лионельмен кездесті

14.04.2025, 17:00

Месси ақыры өзі аттас әйгілі поп-әншісімен кездесті. "Аргентина" құрамасының жұлдызы Лионель Мессиді анасы әйгілі әнші Лайонел Ричидің құрметіне солай атапты.

Лионель Лионельмен кездесті
Жарнама
Жарнама

Мессидің анасы Селия Куччиттини — "Dancing on the Ceiling” хитінің авторы Ричидің үлкен жанкүйері. Сондықтан ұлын Лионель деп атауды жөн көрген.

Таңғаларлығы — осы уақытқа дейін Месси мен Ричи бір-бірімен ешқашан кездескен емес. 

Лайонел Ричи әлеуметтік желіде Мессимен кездескен сәтінен бірнеше сурет жариялады. Екеуі де жылы жүзбен қол алысып, әңгіме-дүкен құрған.

Ричи өзінің қуанышын былай жеткізді:

"Лайонел Лайонелмен кездесті! Анасы оны менің атыммен атаған… енді міне, біз бірге тұрмыз. Сенімен кездескеніме өте қуаныштымын!"

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров