Жарнама
Жарнама

Лионель Месси: «Барселона» менің армандарымды орындады»

08.08.2021, 22:33
Месси каталониялық клубта 17 жыл ойнап, 35 трофей жеңіп алды.
Жарнама
Жарнама

"Барселонадан" кетуге арналған соңғы баспасөз конференциясында Лионель Месси бірге өткізген жылдар үшін клубқа алғысын білдірді және мансабын жалғастырудың мүмкін нұсқалары туралы айтты.

"Барселона" туралы

"Мен сөйлей аламын ба, білмеймін. Соңғы күндері күндері не айтамын деп көп ойландым. Шыны керек, бұл нәтиже бермеді, мен қатты қиналдым. Өмірімнің ең көп бөлігін өткізген жерден кету мен үшін қиынға соқты. Мен бұған дайын емес едім. Мұның шынымен де болып жатқанына сенбеймін. Өткен жылы командадан кеткім келді, бірақ қазір қалғым келеді және өз үйімде тұруды қалаймын. Барселонада қалып, спорттан және күнделікті өмірден ләззат алуды жалғастырғым келді. Барлығы керемет болды, бірақ бүгін қоштасуым керек. Мен "Барселонаға" келген кезде 13 жаста едім және 21 жылдан кейін мен бұл жерден әйеліммен және үш баламмен бірге кеткелі тұрмын. Бұл біздің үйіміз.

Мен командаластарыма және клубтағы адамдарға бәрі үшін алғыс айтуым керек. Мен әрқашан жан-жағыма кішіпейілділікпен және құрметпен қарауға тырыстым, сонымен қатар бұл клубтағы барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болдым. Адамдар тек жеңген кубоктерімді ғана емес, клуб үшін жасаған еңбегімді де есте сақтайды деп сенемін. Біз көптеген жақсы және жаман нәрселерді бастан өткердік. Мен "Барселонаға" бәрін бердім. Сондықтан өзімнің бұл клубтағы жұмысыма көңілім толады.

Мен жанкүйерлермен стадионда қоштасқым келді және соңғы рет олардың шапалақ ұрғанын естігім келді. Мен оларды пандемия кезінде қатты сағындым және олардың менің есімімді атап, айқайлағанын соңғы рет естігім келді. Бұл жақсы қоштасу болар еді. Бірақ бәрі басқаша болды, мен оларға көп жылдар бойы қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Мен әрқашан олардың қолдауын сездім, осы клубтың маған деген махаббатын сезіндім. Мен "Барселонаға" қайта ораламын деген үміттемін және клубтың болашағына үлес қоса аламын деп сенемін. Мен қазір айтқым келген сөздердің көбісін ұмытып қалған шығармын, себебі қазір менің жағдайым жақсы емес. Бүкіл әлемге рахмет!"

Жаңа келісім-шарт туралы

"Бізде "Барселонамен" ешқандай мәселе болған жоқ. Клубпен келісім-шарттың мән-жайы бойынша бір мәмілеге келдік, ешқандай келіспеушіліктер болған жоқ, бір-бірімізді жақсы түсіндік. Мен "Барселонада" қалатыныма сенімді болдым. Бірақ бұл Ла Лига ережесіне байланысты мүмкін емес болып шықты. Мұны білгенде, үстіме бір шелек мұздай су құйылғандай болды. Мен ешқашан "Барсадан" кетемін деп ойламаппын. Осында қалу үшін бар күшімді салдым, бірақ жағдай менің жоспарларыма сәйкес келмеді".

Жалақысы туралы

"Мен жалақымды 50%-ға қысқарттым, олар менен басқа ештеңе сұраған жоқ. Осыдан кейін басшылық айлығымның тағы 30 пайызынан бас тартуымды сұрады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ мен қала алмадым. Мен жанкүйерлердің алдында әрқашан адал болдым. Қазір жанкүйерлер арасында неше түрлі әңгімелер таралып жатыр, олардың ішінде жалған ақпараттар көп".

Өкініші туралы

"Мен тағы бір Чемпиондар Лигасын жеңбегеніме қатты қынжыламын. "Ливерпульмен" жартылай финалда ойнаған кезбе біз бұған өте жақын болдық. Біз Пеппен жартылай финалда "Челсиге" қарсы ойнаған кезде де бұл трофейді алуға жақын болдық. Біз тағы бір рет Чемпиондар Лигасын ұтуымыз мүмкін еді, бірақ мен ештеңеге өкінбеймін. Біз әрқашан бар күшімізді салуға тырысамыз және шынымен де көбірек жеңіске жетуді қалаймыз. Менің мақсатым - жеңісті жолды жалғастыру. Мен бірнеше чемпионатта топ жарып, Дани Алвесті қуып жеткім келеді. Ең болмағанда оның рекордына жақындауға тырысамын"

ПСЖ туралы

ПСЖ - бұл мансабымды жалғастырудың белгілі бір нұсқасы. Қазіргі уақытта ештеңе ресми түрде бекітілген жоқ. "Барселонаның" мәлімдемесінен кейін маған басқа клубтардан көптеген қоңыраулар келді. Әлі ештеңеге қол қойылған жоқ, біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. "Барселонамен" бәсекелес болатын командаға ауысатыныма еш күмәнім жоқ,- деді Лео "Барселонадағы" соңғы баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, Месси "Барселона" сапында 17 жыл ойнады. Қараша айында оның каталониялық клубта дебют жасағаныны 18 жыл болар еді.

Осы уақыт ішінде аргентиналық футболшы "Барселонамен" бірге 35 кубок жеңіп алды - 10 мәрте Ла Лигада, 7 рет Испания Кубогінде топ жарды. Одан бөлек, 4 рет Чемпиондар Лигасын, 3 рет клубтық әлем чемпионатын, 3 мәрте Еуропа Суперкубогін және 8 мәрте Испания Суперкубогін иеленді..

Сонымен қатар Месси каталондық клуб жейдесінде 778 ресми матч өткізіп, 672 гол соқты және 305 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров