Лионель Месси өзінің алтын дәуірін өткізген Каталониялық "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.
Алайда, бұл жолы әңгіме оның алаңға ойыншы ретінде шығуы туралы болып отырған жоқ.
El Nacional басылымының хабарлауынша, "Барселона" басшылығы болашақта Aргентиналық шабуылшыға клуб құрылымындағы жетекші лауазымдардың бірін ұсынуды жоспарлап отыр. Клуб басшылығы Мессидің тәжірибесі мен беделін клубтың дамуына пайдалануды көздейді.
Бүгінде 38 жастағы футболшы АҚШ-тың "Интер Майами” клубында доп теуіп жүр. Оның Америкалық клубпен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жасалған.
Айта кетейік, жасының ұлғаюына қарамастан, Мессидің нарықтағы бағасы әлі де жоғары. Қазіргі таңда оның трансферлік құны 15 миллион еуроға бағаланып отыр.
Біздің серіктес: FONBET