"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман команда шабуылшысы Лионель Мессидің Испания Суперкубогінің финалына қатыса алатынына сенімді емес.
"Месси туралы айтар болсақ, біз оның ойнай алатынына сенімді болу үшін тағы бірнеше күн күтуіміз керек", - деді Куман AS басылымына берген сұқбатында.
Бұған дейін Лионель Месси Испания Суперкубогінің жартылай финалында "Реал Сосьедадпен" болған кездесуге қатыса алмаған болатын. Аргентиналық футболшы "Гранадаға" қарсы матчта (4:0) жарақат алғаннан кейін өзін жайсыз сезінді.
Еске салайық, Испания Суперкубогінің жартылай финалында "Барселона" "Реал Сосьедадты" жеңді. Кездесу Кордовадағы "Нуэво Арканхель" стадионында өтіп, каталондық клубтың пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталды (1:1, 2:3). Испания Суперкубогінің финалында "Барселона" "Реал Мадрид" - "Атлетик Бильбао" жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET