"Нашвилль" командасына қарсы 4:0 есебімен жеңіске жетіп, "Интер Майамиді" МЛС Тынық мұхит конференциясының жартылай финалына шығарғаннан кейін бір күннен соң Лионель Месси Барселонаға барып, "Spotify Camp Nou" стадионына қонақтады.
Ойыншы бұл сапарын Instagram парақшасында бөлісіп, жүрекжарды хабарлама қалдырды:
"Кеше түнде мен қатты сағынған жеріме оралдым. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты кездерім өткен орын. Мен сіздердің арқаларыңызда өзімді мың рет әлемдегі ең бақытты адамдай сезіндім. Бір күні қайта ораламын деп үміттенемін — тек қоштасу үшін ғана емес."
Месси соңғы рет Барселона ойыншысы ретінде Камп Ноу алаңына 2021 жылғы 16 мамырда Ла лига матчында Сельтаға қарсы (1:2) шыққан болатын. Сол кездесуде ол командасы үшінгі соңғы голын соғып, жалпы есепті 672 голға жеткізген еді.
Төрт айдан кейін, 08 тамыз 2021 жылы, Месси алаңға емес, клуб ғимараттарына оралып, Auditori 1899 сахнасында көз жасын тыя алмай, қоштасу рәсімін өткізді. Ол клубта қалғысы келгенімен, қаржылық жағдайға байланысты бұл мүмкін болмаған еді.
Қазіргі президент Мессиді Камп Ноу стадионының қайта ашылу салтанатына қатыстыруды жоспарлап отыр.
Ресми матчтарға жанкүйерлердің оралуы жақындаған шақта, Месси өз үйіне тыныш сапар жасап, естеліктерін еске алды.
Бүгін ол Аргентина құрамасына қосылып, жұма күні Анголаға қарсы өтетін кездесу үшін Аликантеге дайындыққа шығады.
Осылайша Месси Blaugrana ретінде өткізген ұмытылмас кезеңдерін еске алып, стадионның жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты
Біздің серіктес: FONBET