Жарнама
Жарнама

Лионель Месси кезекті рет тарихқа өз атын алтын әріппен жазды

24.11.2025, 08:25

Лионель Месси мансабындағы 1300-ші нәтижелі әрекетін тіркеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Интер Майамидің" сырт алаңда "Цинциннатиден" 4:0 есебімен басым түскен матчта Месси ерекше белесті бағындырды. Аргентиналық жұлдыз барлық төрт голға тікелей қатысып, мансабындағы нәтижелі әрекеттер санын 1300-ге жеткізді.

Месси қазіргі таңда 896 гол соғып, 404 нәтижелі пас берген.

Мессидің нәтижелі әрекеттері оның қай командада өнер көрсетсе де тұрақты түрде жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді:

  • “Барселона": 941
  • “ПСЖ": 66
  • “Интер Майами": 117
  • “Аргентина": 176

Барлығы: 1300 нәтижелі әрекет

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров