«Пари Сен-Жермен» ресми сайтында коронавирус инфекциясын жұқтырған ойыншылардың есімдерін жариялады.
Лионель Месси, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битюмазаланың COVID-19 сынағы оң нәтиже берді. Ауру жұқтырған ойыншылар командадан оқшауланды. Ал Неймар Бразилияда емделуде. Футболшы үш аптадан кейін жаттығуға оралады деп күтілуде.
«Пари Сен-Жермен» 19 матчта 46 ұпай жинады және Франция чемпионатының турнирлік кестесінде 1-ші орында тұр. Келесі турда ПСЖ «Лионмен» ойнайды. Кездесу 9 қаңтарда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET