Жарнама
Жарнама

Лионель Месси: «ПСЖ-ға ауысқаныма ризамын, қазір өте бақыттымын»

09.10.2021, 21:56
Месси париждік клубтағы дебюттік голын «Манчестер Сити» қақпасына соқты.
Жарнама
Жарнама

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Барселонадан" "Пари Сен-Жермен" клубына ауысу туралы өз пікірімен бөлісті.

"Барселона" менің клубта қала алмайтынымды мәлімдеді, сондықтан мен не істеу керектігін ойлана бастадым. Маған мансабымды жалғастыру үшін жаңа клуб іздеуге тура келді. Маған бірнеше ірі клубтардан ұсыныс түсті, олардың арасында ПСЖ да болды.

ПСЖ маған шынымен де қызығушылық танытты. Мен бұған ризамын, себебі қазір өте бақыттымын. Басқа ұсыныстар болды, бірақ біз ПСЖ-мен тез келісімге келдік. Әлбетте, мені жоба, ойыншылар, команданың деңгейі қызықтырды. Бұл компоненттердің барлығы келіссөз процесін жеңілдетті.

Мен бейімделудің оңай болатынын білдім, өйткені бұл клубта менің достарым көп. Мен қателеспедім, өйткені бейімделу өте оңай болды, әсіресе мұнда көптеген ойыншылар мен сияқты испан тілінде сөйлейді", - деп келтіреді FranceFootball Мессидің сөздерін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров