Лионель Месси ПСЖ клубымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы париждік клубтың ресми сайты хабарлады.
Келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың маусым айына дейін жарамды. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Лионельдің париждік клубтағы жылдық жалақысы бонустарды қоса есептегенде 35 миллион еуроны құрайды.
Айта кетейік, 5 тамызда «Барселона» Мессимен келісім-шартты ұзартпайтынын мәлімдеген еді. Ла Лиганың регламентінде көрсетілген қаржылық фэйр-плэй ережесіне байланысты Месси командадан кетуге мәжбүр болды.
Біздің серіктес: FONBET