Жарнама
Жарнама

Лионель Месси Серхио Агуэроның ПСЖ-ға ауысқанын қалайды

23.10.2021, 19:43
Париждік клубтан Икарди Испанияға қоныс аударуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Мауро Икардидің командадан кеткенін қалайды, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, Месси мен Икардидің арасында келіспеушіліктер болған және Лео клуб басшылығына Мауроны "Барселона" шабуылшысы Серхио Агуэромен алмастыру туралы ұсыныс тастады.

Агуэро "Барселона" сапындағы дебютін 17 қазан күні "Валенсияға" қарсы матчта (3:1) жасады. Ал Икарди осы маусымда ПСЖ үшін 11 матчқа қатысып, 3 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров