Жарнама
Жарнама

Лионель Месси тарихи белесті бағындырды

17.12.2020, 16:19
Оның командасы бесінші орынға көтерілді.
Жарнама
Жарнама

Ла Лиганың 19-турында "Барселона" өз алаңында "Реал Сосьедадты" қабылдады. Кездесу Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бұл кездесуде "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси "Камп Ноудағы" 300-ші жеңісін тойлап, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sport.es. Оның Испания чемпионатында 211, Чемпиондар лигасында 53, Испания кубогында 30 және ел суперкубогында 6 жеңісі бар. Ол Камп Ноуда 380 гол соқты. Ал осы маусымда 12 матч өткізіп, 5 гол соқты.

"Барселона" 20 ұпай жинап, Испанияның чемпионатында 5-орынға көтерілді. "Реал Сосьедад" (26 ұпай) - 2 орында. Жарыстың көшбасшысы - 11 матчта 26 ұпай жинаған Мадридтің "Атлетикосы".

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров