Жарнама
Жарнама

Лионель Месси жақын арада «Барселонада» қалатынын хабарлайды

04.09.2020, 22:08
Бүгін Месси «Барселона» басшылығын қолдаған Ла Лига ұйымдастырушыларына жауап береді.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клуб ауыстырғысы келгеніне қарамастан, Каталониялық командада қалуы мүмкін.

Sphera Sports-тың хабарлауынша, 33 жастағы аргентиналық футболшы жақын арада өз шешімі туралы үндеу жариялайды. Оның үстіне, бұл үндеудің мәтіні жазылып қойған деген ақпарат бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін, 4 қыркүйекте, Месси Ла Лига ұйымдастырушыларының жасаған мәлімдемесіне жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, Месси "Барселона" құрамында маусымға дайындалып жатқан жоқ және командадан кетуге ниетті. Клуб өз кезегінде Лионель шешімін өзгертіп, серіктестеріне қосылады деп үміттенеді. Аргентиналықты алуға басты үміткер - "Манчестер Сити"

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров