Жарнама
Жарнама

Лионель Мессидің кешегі сұхбаты

20.02.2020, 15:49
Жарнама
Жарнама

«Барселона» капитаны Лионель Месси кеше ғана Мundo Deportivo газетіне сұхбат берді. Әңгіме барысында шабуылшы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясындағы алғашқы екі матчқа байланысты және «Манчестер Ситидің» 2 жыл еуро бәсекелерден шеттетілуіне байланысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасында қай командалардан қауіптенетінін айтты.

- Сіз Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында «Атлетиконың» «Ливерпульден» басым түскеніне таң қалдыңыз ба?

- Негізі таң қалған жоқпын. Дәл ойын болатын күні жаттығу кезінде екі қарсыластың шама-шарқы тең екенін айтқанбыз. Өйткені, «Атлетико»  қауқарлы ұжым. Енді екінші ойын да соңғы минутқа дейін тартысты болмақ. 

-Ал жиі сынға ұшырап жүрген Диего Симеоне туралы не ойлайсыз?

-Меніңше, ол керемет жұмыс істеп жүр. Жыл сайын команда жаңарып жатса да өз идеясынан бас тартқан емес. Сонымен қоса, ойыншылармен жақсы тіл табыса біледі. Міне, сондықтан Симеоне философиясы жемісін беріп келеді.

Лео Месси.

-Алдағы екі жылда «Манчестер Сити» еуро додаларға қатыспайтын болды. Бұл жаза жайында не айтар едіңіз?

-Бұл таң қаларлық нәрсе. Өйткені, дәл осылай болады деп ешқашан ойламаппын. Бұл мен естіген ең шулы жаңалық. Дәл осындай жайтта ПСЖ өтемақы төлеген сияқты. Ал ары қарай не болғанын анық білмеймін. Егер шынымен «Сити» Чемпиондар лигасына қатыса алмаса футболшылар үшін өкінішті.

-Егер Кун Агуэро клуб ауыстырғысы келсе, көз қырын салуға тура келетін шығар...

- Қалағаныңыз не? «Манчестер Ситидің» бар футболшысын сатып ал дейсіз бе?

-Таңдауға болатын шығар...

-Білмеймін. Егер «Сити» Чемпиондар лигасына қатыса алмаса клуб ауыстырғысы келетін ойыншылар саны көп болатын шығар. Чемпиондар лигасы Еуропадағы ғана емес әлемдегі ең белді бәсекенің бірі ғой.

-Ал Чемпиондар лигасындағы ең қиын қарсыластар кім деп ойлайсыз?

- Бар команда өзінше мықты. ПСЖ Дортмундта, «Ливерпуль» Мадридте ұтылғанына қарамастан әле ештеңе белгісіз. Менің ойымша, «Ливерпуль», «Ювентус», ПСЖ мен «Реал» мықты ұжымдар.

 - 40 жасқа дейін доп тебу ойыңызда бар ма?

 - Көреміз.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров