Жарнама
Жарнама

Лионель Мессидің қай командаға ауысатыны белгілі болды

06.08.2021, 15:06
Шабуылшыға бір ғана клуб қызығушылық танытуда.
Жарнама
Жарнама

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Пари Сен-Жермен" командасымен келіссөздер жүргізді, деп жазады журналист Мохамед Бухафси өзінің твиттер парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, париждік клуб Мессимен келісім-шартқа отыру туралы шешім қабылдады. Кейбір спорттық басылымдар егер бұл трансфер орын алса, ПСЖ Килиан Мбаппемен қош айтысады деп хабарлады. Ал Мессидің өзі командаластарына париждік клубтың ұсынысын қабылдайтыны туралы айтқан екен.

Месси "Барселона" сапында 2005 жылдан бері ойнады. Оның каталондық клубпен келісім-шарты маусым айының соңында аяқталды. Ал кеше, 5 тамызда "Барселона" Мессимен келісім-шарттың ұзартылмайтынын мәлімдеді. Өткен маусымда шабуылшы Ла Лигада 35 матч өткізіп, 30 гол соқты (үшеуі пенальтиден) және тоғыз нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров