Жарнама
Жарнама

Әліп төртінші рет Ресей чемпионы атанама әлде Зайнутдинов жаңа командасын күтпеген биікке шығарама?

11.09.2025, 12:10

Футбол әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) Ресей Премьер лигасының жаңа маусымындағы чемпиондыққа басты үміткерлерді анықтады.

Жарнама
Жарнама

Зерттеу қорытындысына сәйкес, Санкт-Петербургтің “Зениті” чемпион болуға ең көп мүмкіндікке ие. Оның чемпиондық ықтималдығы 36,2% деп бағаланған. Бұл клубтың соңғы жылдардағы тұрақты нәтижелері мен қаржылық қуаты ескерілген.

Екінші орында “Краснодар”. Команданың чемпиондық ықтималдығы 24,3%. Үшінші сатыға Мәскеудің “Спартак” клубы жайғасқан – 18,9%. Бұл екі клубтың соңғы маусымдардағы ойыны мен жас ойыншыларға арқа сүйеуі сарапшылар назарын аударған.

Төртінші орында “Динамо” (14,6%). Бұл команда сапында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетуде.

Үздік бестікке енген соңғы клуб “ЦСКА” (2,4%). Ал қалған командалардың чемпиондық ықтималдығы небәрі 1% немесе одан төмен.

CIES жасаған статистикалық модель спорттық, экономикалық және демографиялық факторларды ескеріп жасалған. Бұл зерттеу Ресей чемпионатының қай клубтың мықтылығын айқындап тұрғанын ғана емес, сонымен қатар футболдағы аналитикалық әдістердің маңызын көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров