Белгілі блогер Әлішер Келгенбай ресми түрде кәсіби футболшы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол 2026 жылғы маусымда алматылық "Хан Тәңірі" клубының намысын қорғайтын болады.
Жаңа маусымның алғашқы трансфері
Әлішер — команданың бұл жолғы трансферлік кезеңдегі алғашқы ресми келісімшарт жасасқан ойыншысы. Бойындағы көшбасшылық қасиеті мен қайсар мінезімен танымал ол алаңда орталық шабуылшы позициясында өнер көрсетпек.
Клуб басшылығы тәжірибелі жігіттің ұжымға тың серпін беретініне сенімді. Биыл 30 жасқа толған Әлішер үшін бұл — орда бұзар шақтағы үлкен мүмкіндік.
Блогерліктен кәсіби спортқа
Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы таныс Әлшер Келгенбай үшін бұл — кәсіби деңгейдегі алғашқы қадам.
"Бұл менің өмірімдегі мүлдем жаңа кезең. Өзімді футболға толықтай арнауға, жаңа белестерді бағындыруға дайынмын." — дейді футболшы.
Біздің серіктес: FONBET