Жарнама
Жарнама

Литва королін “Мұнайшылар” тартып алмақ – Келіссөздер басталды

Бүгін, 17:03

"Атырау" басшылығы клуб тізгінін ұстауға лайық келесі маманды тапты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Команданы 60 жасар Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин басқаруы мүмкін.

Бұл жаңалықтың ең қызықты тұсы — Владимир Чебуриннің небәрі бір апта бұрын ғана Қазақстан U-21 жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, маман құрамадағы қызметін тастамақ. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы алғашқы келіссөздер басталып кетті.

Клубтың соңғы бапкері Виталий Жуковскийдің "Атыраудағы” дәуірі тым қысқа болды. 2025 жылдың қараша айында ғана командаға келген Белоруссиялық маман небары 3 ай жұмыс істеп үлгерді. Маусым аралық үзілістегі бұл шешімнің астарында клубтың жаңа басшылығымен арадағы көзқарас қайшылығы жатқан көрінеді. Осылайша, Жуковский мен "Атырау" ортақ мәмілеге келе отырып, келісімшартты мерзімінен бұрын үзді.

Владимир Чебуриннің кандидатурасы "Атырау” үшін өте тиімді таңдау болуы мүмкін. Оның бапкерлік жолындағы жетістіктері керемет.

– Қазақстандағы тәжірибе: "Шахтер” және "Оқжетпес” клубтарында жемісті еңбек етті.

– Литвадағы гегемония: "Судува" және "Жальгирис" командаларымен бірге 6 рет ел чемпионы атанды.

– Кубоктар топтамасы: Литва Кубогының үш дүркін және Суперкубогының екі дүркін иегері.

– Жеке жетістік: Литвада үш рет "Жылдың үздік бапкері" атағын жеңіп алды.

Осылайша, оның жастар құрамасындағы қызметі мен клуб арасындағы таңдауы қалай ауары алдағы күндердің еншісінде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров