Жарнама
Жарнама

ЛИТВА ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАДАҒЫ КЕЗДЕСКЕН 31-ШІ КОМАНДАСЫ

06.03.2014, 20:36
Жарнама
Жарнама
  Футболдан Қазақстан мен Литва құрамалары тарихта алғаш рет кездесті. 2002-ші жылы УЕФА-ға мүше болғаннан бері Литва аяқдопшылары біздің команданың 31-ші кездескен құрамасы болып саналады. Елімізді қоспағанда Еуропада 53 мемлекеттің футбол федерациясы бар. Күні бүгінге дейін Қазақстан құрамасы төмендегі елдермен жасыл алаңда түйіспеген: Босния және Герцеговина, Венгрия, Гибралтар, Израиль, Исландия, Испания, Лихтенштейн, Люксембург, Македония, Нидерланды, Норвегия, Румыния, Сан-Марино, Солтүстік Ирландия, Словакия, Словения, Уельс, Чехия, Швейцария, Шотландия және Франция.Биылғы маусымда 2016-шы жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының аясында Қазақстан футболшылары Нидерланды, Чехия және Исландиямен бір топта кездесетін болады. Сонымен қатар маусым айында Венгриямен жолдастық кездесу өткізу турасында федерациялар арасында келісім бар.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров