Жарнама
Жарнама

Литва құрамасының екі ойыншысы «Қайсар» сапында қаралымда жүр

30.01.2021, 23:12
Бірі шабуылшы, екіншісі қорғаушы екен.
Жарнама
Жарнама

"Қайсардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына Литва құрамасының ойыншысы келіп қосылды.

Каролис Лаукжямис литвалық "Атлантас", "Грантиес Клайпеда", "Судува", "Елгава", хорватиялық "Истра", словениялық "Табор" сынды клубтарда өнер көрсеткен. Каролистың "Қайсарға" дейінгі соңғы - клубы мальталық "Хибернианс" командасы. Шабуылшы клубтық мансабында 200 ойын өткізіп, 45 мәрте көзге түскен.

Литвалық корғаушы Линас Клюмавичус "қасқырлармен" бірге жаттығып жүр.

31 жастағы қорғаушы литвалық "Экранас", "Судува", "Тракай", "Жальгирис", латвиялық "Даугава", украиналық "Днепр", "Крибвас", румыниялық "Динамо", "Политехника Яссы" сынды командалардың намысын қорғаған. Сондай-ақ Линас Литва құрамасына тұрақты шақырту алып жүрген ойыншы.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров