Жарнама
Жарнама

Литва құрамасының шабуылшысы мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

23.12.2021, 20:03
Ол өткен маусымда өз командасының үздік сұрмергені атанды.
Жарнама
Жарнама

Өткен маусымда «Қайсардың» үздік сұрмергені атанған Литва құрамасының шабуылшысы Каролис Лаукжемис мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Мұны футболшының агенті Валериюс Мижигурскис растады.

«Каролис мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруға дайын. Оған бірнеше клубтар қызығушылық танытуда. Бірақ менің ойымша, бәрі келесі жылдың қаңтарында белгілі болады, өйткені сол кезде клубтардың маусымға арналған бюджеті бекітіледі».

Еске салайық, литвалық шабуылшы «Қайсарға» 2021 жылдың көктемінде мальталық «Хибернианс» клубынан ауысып келген болатын. Содан бері Премьер-лигада 25 матч өткізіп, сегіз гол соқты. Бірақ «Қайсар» ойыншымен әлі толық есеп айырысып үлгерген жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров