Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Литваны 3:0 есебімен жеңді.
23-ші секундта Тайнан Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл гол турнирдегі ең жылдам гол болды. Футболшы аталмыш турнирдегі үшінші голын соқты.
Екінші тайм нәтижелі болды. 30-минутта Тайнанның пасынан кейін Дәурен Тұрсағұлов Қазақстан құрамасының есептегі басымдығын арттырды. Ал 36-минутта Альберт Ақбалықов матчтың нүктесін қойды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Коста-Риканы 6:1 есебімен ұтқан еді. Кака шәкірттері 18 қыркүйекте Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді.
Екі матчта алты ұпайдан жинаған Қазақстан мен Венесуэла құрамалары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Енді қай команданың топтан бірінші орынмен шығатынын анықтау ғана қалды.
Біздің серіктес: FONBET