"Порту" Люк де Йонгтың медициналық тексерісін жасырын түрде гандболшы ретінде ұйымдастырды. Презентацияға дейін трансфер туралы тек клуб басшылығы ғана білді.
"Севилья" мен "Барселонаның” бұрыңғы шабуылшысы "ПСВ” клубынан "Портуға” еркін агент ретінде қосылды. Португалиялық клуб Люк де Йонгтың трансферін жексенбі күні жариялады және сол күні футболшының ресми таныстырылымы өтті.
O Jogo басылымының хабарлауынша, "Порту" де Йонгпен ресми мәлімдеме жасалғанға дейін бір апта бұрын келіссөздерді бастаған. Алайда клуб бұл жұмысын құпия ұстауды жөн көрген. Ақпараттың тарап кету қаупін азайту үшін, медициналық тексеріс де Йонг гандбол командасының жаңа ойыншысы ретінде жоспарланған. Сонымен қатар, әуежайда шабуылшының жүгін оның агенті алып кеткен.
де Йонгтың "Порту” ойыншысы ретінде таныстырылуына бір сағат қалғанда бұл трансфер туралы тек клуб басшылығы ғана білген.
Біздің серіктес: FONBET