Жарнама
Жарнама

Люксембург құрамасының Қазақстанға қарсы ойында жеңіске жетуіне себепкер болған ойыншы жазаға тартылды

Люксембург шабуылшысы Жерсон Родригес 18 ай мерзімге темір торға тоғытылды, деп жазады Аладоп.кз.

Жарнама
Жарнама

Родригес Люксембург елінің 2020 жылғы аруы атанған Эмили Боландты зорлады деп айыпталды.

Онымен қоса, Жерсон 1500 еуро айыппұл төлеуі тиіс. Одан тағысы, сот барысында ашу-ызасына ие бола алмаған футболшы арнайы психологиялық терапиялардан өтуі керек. Жерсонның сотқа апелляциялық шағым беруіне 40 күн уақыт берілген. 

Қазақстанға қарсы жолдастық кездесуде толық ойын өткізген шабуылшы 1 гол мен 1 голдық пас беріп, өз құрамасының аталған матчта жеңіске жетуіне себепкер болған еді. 

Қазірде футболшы “Слован” Братислава командасының намысын қорғауда. Оған дейін Жерсон киевтік “Динамо” сапында төбе көрсетіп жүрді. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров