"Ливерпуль" әлемдегі үздік команда атанды

01.01.2020, 14:02

Халықаралық спорт журналистері ассоциациясы ресми сайтында 2019 жылдың үздік командасын жариялады. Жалпы дауыс беру ассоциацияның әр елдегі өкілдері арасында жүрген. Нәтижесінде ағылшынның "Ливерпуль" клубы үздік танылды. Жалпы 908 журналист (30.21%) дауыс беріпті.

Айта кетейік, Клопп шәкірттері биылғы маусымда Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогі мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

ТОП-10 команда:

  1. "Ливерпуль" (футбол, ерлер) – 30,21% дауыс
  2. АҚШ құрамасы (футбол, әйелдер) – 17,9%
  3. ОАР құрамасы (регби, ерлер) – 14,44%
  4. Бразилия құрамасы (волейбол, ерлер) – 8,88%
  5. "Дьёри Ауди" (гандбол, әйелдер) – 5,79%
  6. Дания құрамасы (гандбол, ерлер) – 4,59%
  7. Норвегия құрамасы (биатлон) – 3,89%
  8. Италия құрамасы (ватерпол, ерлер) – 3,79%
  9. Испания құрамасы (баскетбол, әйелдер) – 3,26%
  10. Жапония аралас құрамы (дзюдо) – 2,43%.

Шамкен БАЙЫРБЕК.