Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» Англия кубогінің иегері атанды

15.05.2022, 16:20
Жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 14 мамырда Лондондағы «Уэмбли» стадионында Англия кубогінің финалдық ойыны өтті. Онда «Челси» мен «Ливерпуль» күш сынасты. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында «Ливерпульдің» мерейі үстем болды (6: 5).

Шешуші соққыны «Ливерпуль» қорғаушысы Константинос Цимикас жасады. «Челси» сапында Сезар Аспиликуэта мен Мэйсон Маунт мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Сондай-ақ «Ливерпуль» шабуылшысы Садио Мане де пенальтиден мүлт кетті.

Айта кету керек, «Челси» өткен маусымда да Англия кубогінің финалына қатысып, ол жерде «Лестерге» (1:0) есе жіберген болатын.

«Ливерпуль» сегізінші рет Англия кубогін жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша мерсисайдтық клуб «Челси» мен «Тоттенхэм Хотспурды» қуып жетті. Алғашқы орындарда «Манчестер Юнайтед» (12 рет) пен «Арсенал» (14 рет) тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров