«Ливерпуль» соңғы 67 жыл ішінде Англия чемпионы бола тұрып, бір матчта жеті гол жіберген алғашқы команда атанды, деп хабарлайды Gracenote Live.
«Қызылдар» Премьер-Лиганың төртінші тур матчында «Астон Виллаға» 2:7 есебімен есе жіберді. Соңғы рет премьер-лиганың кубок иегерлері 1953 жылдың қыркүйегінде қарсыласынан жеті гол жіберіп алған - Лондондық «Арсенал» «Сандерлэндтен» 1:7 есебімен жеңілді.
«Астон Вилла» - «Ливерпуль» матчындағы есеп кездесудің басында ашылды - 4-минутта Джек Грилиштің нәтижелі пасынан кейін Олли Уоткинс ойындағы алғашқы голдың авторы атанды. 22-минутта Уоткинс тағы да Грилиштің пасынан кейін алаң иелерінің басымдылығын арттырды. 33-минутта Мохамед Салах есеп айырмасын қысқартты. Бір-екі минуттан кейін "Ливерпульге" қарсы үшінші голды Джон МакГинн соқты.
39-минутта Уоткинс хет-трик жасады. Екінші таймның басында бесінші голды Грилиштің пасының арқасында Росс Баркли соқты. 60-минутта Салах тағы да есеп айырмасын қысқартып көріп еді, бірнеше минуттан кейін «Ливерпульге» Джек Грилиш команданың кезекті голын соқты. 75-минутта Грилиш дубль авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET