Жарнама
Жарнама

“Ливерпуль” бапкері шабуылшысын ақымаққа теңеді

24.09.2025, 12:30

Англия Лига кубогының үшінші кезеңінде "Ливерпуль" өз алаңында "Саутгемптонды" 85-ші минутта Уго Экитикенің соққан голының арқасында 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Жарнама
Жарнама

Француз шабуылшысы жеңіс голын соққанына қарамастан бас бапкер Арне Слот оны "ақымақ" деп атады.

Слоттың айтуынша, гол соққан соң Экитике жейдесін шешіп, қолына ұстап көрсету орнына әдемі пас берген Федерико Кьезаға алғыс айтуы тиіс еді. Өкінішке орай, жейдесін шешкені үшін ол екінші сары қағаз алып, алдағы демалыс күнгі "Кристал Пэласқа” қарсы матчқа қатысу құқығынан айырылды.

"Жейдені шешудің ешқандай қажеті жоқ еді. Бұл — ақымақтық. Алғашқы сары қағазды да бос нәрседен алды. Бір жағынан бұл да ақымақтық деуге боларлық әрекет. Неге сонша сезімге беріліп, өзін ұстай алмай қалды түсінбеймін.

Егер бұл Чемпиондар лигасының финалының 87-ші минуты болып, үш қорғаушыны алдап өтіп, допты тоғыздыққа қиып соққан болса, түсінер едім. Бірақ бұл ондай емес. Гол да сондай деңгейде болған жоқ. Егер мен болсам, әдемі пас берген Федерико Кьезаға барып, рақмет айтар едім. Ал Экитике еш қажеті жоқ, ақылға қонбайтын, яғни ақымақтық әрекет жасады. Иә, ақымақтық.” — деді Арне Слот.

Ал "ақымақ” атанған Экитике:

"Командама жеңіс әкелгеніме қатты толқып, қуандым. Мен үшін бұл Лига кубогындағы өз алаңымдағы алғашқы матч еді. Сол себепті сезімімді ұстай алмадым. Өз қателігімді толық мойындаймын.” — деді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров