Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль"- "Челси". Сараптама

08.11.2014, 17:10
Жарнама
Жарнама
Былтырғы маусымда "Ливерпуль" чемпиондықтан  "Челсиға" қарсы ойында айырылған болатын. Жауапты ойында Брендан Роджерс шәкірттері "ақсүйектерге" есе жібереді. Сол жеңіліс психологиялық тұрғыдан ауыр тиіп қызылдар келесі ойында 20 минут ішінде 3 гол жіберіп,  ұпай жоғалтқан-тұғын. Сөйтіп, қолда тұрған алтыннан да айырылды. Алтынды қайтармаса да, есе қайтарар сәт бүгін туып тұр. Негізі, Брендан Роджерс бұл ойынның қаншалықты маңызды екенін апта ортасындағы "Реал Мадридке" қарсы шығарған құрамынан да байқауға болады. Жартылай ғана негізгі құрамды шығарды. Бүгінгі ойында жеңіс ауадай қажет. Жарайды, турнир кестесін қоя тұрайық, ол соншалықты маңызды емес. Маңыздысы, "Ливерпуль" өзінің былтыр алтынға таласқанын еске түсіру. "Қызылдардың" осалдығын Суарестің кетуімен, немесе Даниэль Старридждің жарақатымен түсіндіруге болады. Бүгінгі ойында да Старридждің оралуы екіталай. Жалпы, бүгінгі футболшылар жиынтығын жаман деуге келмейді, дегенмен де орталық алаңда қожайын жоқ екенін көріп жүрміз. Джеррард та жыл өткен сайын қартаймаса, жасарып жатқан жоқ. Қорғаныстың жайы да мәз емес. Коло Туре, Ловрен, Шкртелдер бір-бірін түсінбей Премьер-Лигадағы ең осал қорғаныстың авторлары десек те болады. "Челси" да Чемпиондар Лигасында ұпай жоғалтты. Егер де, "Ливерпульдің" "Сантяго Бернабеудағы" жеңілісі ешкімге де жаңалық болмаса, "Челсидің" Словениядағы тең нәтижесі жанкүйерлерді таңғалдырғаны түсінікті. Дегенмен, олар "ақсүйектердің" топтан еш қиындықсыз шығатынына сенімді. Чемпионатта команда көш басында. 8 жеңіс, 2 тең нәтиже, жеңіліссіз. Жозе Моуриньо "Ливерпульға" қарсы қалай ойнау керектігін біледі. Жаттықтырушылық ғұмырында мерсисайдтықтарға бір мәрте ғана жеңілген. Бүгін де барын салады. Допты алаң иелеріне беріп, бар мүмкіндіктерін қарсы шабуылда пайдалануға тырысады. Оби Микельден басқасының бәрі сақадай сай. Whoscored.com порталың болжамы бойынша бүгін алаңға шығатын негізгі құрам: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров