Сонау тамыздан бері созылып келе жатқан Англия Лигасының кубогі өз мәресіне таяу. Бүгін ертен жартылай финалға шыққан командалар күш сынасатын болады. Ескертер жәйт, бұл кезеңде командалар қос ойын өткізеді. Және де, еурокубоктердегі сияқты қонақта салынған гол да көмекке келе алмайды. Яғни, қонақта 2:3 жеңілген команда, өз алаңында 1:0 есебімен жеңсе де, қосымша уақыт ойнатылатын болады.
Бұл кезеңнің орталық матчы сөзсіз классикалық текетірес "Ливерпуль"-"Челси" болмақ. Әрине, бұл турнирді Англияның алыптары 2-ші санаттағы жарыс санайтыны түсінікті. Біріншіден бұл "Челсиге" қатысты. Ал, ішкі біріншілікте сүреңсіз ойын көрсетіп жүрген "Ливерпуль" үшін сәтсіздіктерді жуып-шаюға берілген тамаша мүмкіндік. Ал, ол мүмкіндік қаншалықты жоғары болары Жозе Моуриньодің талғамына да байланысты екені түсінікті. Португалиялық маман, команданың негізгі ойыншыларына демалыс бере ме, әлде қарсылас "Ливерпуль" болған соң қалай да жеңуді ойлап табандылық әдетіне басып, кіл мықтыны шығара ма, ол да белгісіз. Дегенмен, екі команданың да соңғы кездегі қарқынына, чемпионаттағы нәтижелеріне қарасақ, бізді тамаша спектакль күтіп тұрғандай.
Ал, екінші жұп "Тоттенхэм"-"Шеффилд Юнайтед". Міне, алыптардың бұл турнирге белгілі бір түрде бей-жай қарайтынына тура осы жұп дәлел. Мәселе, "Шеффилд" жайлы. Әрине, бұндай командаларды турнирді жеңіп алуға ынталандыратын фактор бар. Осы турнирдің жеңімпазы ендігі жылғы Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Демек, қалай да финалға шығу үшін Чемпионшипте өнер көрсететін команда барын салады деген сөз. Ал, жартылай финалға жеткен екен, демек Почеттино командасы да трофейді олжалауға ұмтылады. Әрине, оларға ендігі жылғы Еуропа Лигасына шығу соншалықты мағызды емес. Маңыздысы, көптен бері күте-күте сарғайған клуб музейінін жаңа трофеймен жадырату.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ