"Ливерпуль" "Энфилд" стадионының сыйымдылығын арттыруды жоспарлап отыр.
Sky Sports-тың хабарлауынша, клуб басшылығы осы аптада стадионды кеңейту жоспарына қатысты қалалық кеңеске жүгінетін болады. Коронавирус пандемиясының басталуына байланысты көктемде берілуі тиіс болған өтініш кейінге қалдырылған болатын. Егер өтінім қабылданса, "Энфилдтегі" бір трибунаның сыйымдылығы шамамен 7000 орынға артады, ал стадионның жалпы сыйымдылығы 61000-нан асады.
Өтініш бойынша шешім 2021 жылдың көктемінде қабылданады деп күтілуде. Жоспарланған кеңейту - бұл стадион сыйымдылығын арттырудың екінші кезеңі. 2014 жылдың желтоқсанында клуб "Энфилд" стадионының сыйымдылығын 53 394-ке дейін арттырған еді.
Біздің серіктес: FONBET