Ағылшын Премьер лигасында "Ливерпуль" өте ауыр кезеңді бастан кешіріп жатыр. Команданың дағдарысы тереңдей түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Чемпиондар соңғы 7 ойынның 6-ында, ал соңғы 11 кездесудің 8-інде жеңіліс тапты. Бұл жағдай бас бапкер Арне Слоттың болашағына қатысты күмәнді күшейтіп отыр.
Маусымды тамаша бастаған Мерсисайдтықтар алғашқы бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, чемпиондықты қорғауға сенімді қадам жасаған еді. Алайда кейін команданың ойыны күрт нашарлап, тұрақтылық жоғалды. Чемпиондар лигасында "Айнтрахт” пен "Реал Мадридті” жеңгенімен, ішкі біріншіліктегі мәселелер шешілмей тұр.
Қазір "Ливерпуль” 11 турдан кейін 18 ұпаймен 12-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET