Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» ерекше жетістікке қол жеткізді

08.12.2021, 20:09
Юрген Клопп шәкірттері топтық кезеңді толық 18 ұпаймен аяқтады.
Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алты ойынның барлығында жеңіске жеткен алғашқы англиялық клуб атанды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің финалдық ойынында «Ливерпуль» «Милан» командасын ұтты. Кездесу Миландағы «Сан-Сиро (Джузеппе Меацца)» стадионында өтіп, 2:1 есебімен мерсисайдтық клубтың пайдасына аяқталды.

Топтық кезеңдегі алты турдан кейін «Ливерпуль» 18 ұпаймен бірінші орынға ие болып, плей-офф кезеңіне еш қиындықсыз шықты. «Милан» алты матчта 4 ұпай жинап, еурокубоктегі жорығын аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров