Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" клубтар арасындағы әлем чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады

06.12.2019, 04:39
Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" футбол клубы өзінің ресми сайтында желтоқсанның 11 мен 21 аралығында Катарда өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына аттанатын ойыншылар тізімін жариялады. Юрген Клопп бекіткен 23 футболшының қатарында қорғаушы Жоэль Матип пен жартылай қорғаушы Фабиньо жоқ. Себебі, екі ойыншы да алған жарақаттарына байланысты додадан шет қалып отыр. Ойыншылар тізімі:

Қақпашылар - Алисон Бекер, Адриан, Эндрю Лонерган;


Қорғаушылар - Вирджил ван Дейк, Деян Ловрен, Джозеф Гомес, Эндрю Робертсон, Трент Александер-Арнольд, Неко Уильямс;


Жартылай қорғаушылар - Жоржиньо Вейналдум, Джеймс Милнер, Наби Кейта, Джордан Хендерсон, Алекс Окслейд-Чемберлен, Адам Лаллана, Шердан Шакири, Кёртис Джонс, Харви Эллиот;

Шабуылшылар - Роберто Фирмино, Садио Мане, Мохамед Салах, Риан Брустер, Дивок Ориги.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров