Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» колумбиялық шабуылшымен толығады

30.01.2022, 18:46
Трансфер құны 67 миллион еуроны құрамақ.
Жарнама
Жарнама

«Порту» клубының шабуылшысы Луис Диас мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастырады. 25 жастағы колумбиялық ойыншы жақын арада «Ливерпульге» ауысады, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ливерпуль» келіссөздер барысында айтарлықтай жеңілдікке ие болған. Бастапқыда «Порту» өз ойыншысы үшін 111 миллион еуро алғысы келген, нәтижесінде қос тарап футболшыны 67 миллион еуроға бағалады.

Диас мерсисайдтық клубпен жеке келісім-шарт мәселесін шешіп қойған. Ол «Ливерпульмен» бес жылдық келісім-шартқа отырады.

Диас «Порту» сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді. 25 жастағы шабуылшы осы маусымда 18 матч өткізіп, 14 гол соққан және 4 нәтижелі пастың авторы атанды. 2018 жылдан бері Луис Колумбия құрамасына шақыртылып жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров