Жарнама
Жарнама

«Ливерпуль» «Лилль» қорғаушысымен келіссөздер жүргізуде

01.01.2021, 16:43
Трансферлік құны 27 миллион еуроны құрайды.
Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль" "Лилльдің" қорғаушысы Свен Ботманға қызығушылық танытып отыр, деп мәлімдеді белгілі спорт журналисті Дункан Каслс.

"Лилль" голландиялық футболшыны "Аякстан" 8 миллион еуроға сатып алды. Дереккөздің хабарлауынша, француз клубы ойыншыға өзі төлегеннен екі есе көп төлейтін клуб болса, бұл қорғаушымен қоштасуға дайын. Тараптар қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Футболшының агенті Ботманның қаңтарда "Ливерпульге" ауысу ықтималдығы өте жоғары деп санайды.

Англия чемпиондары командадағы кадр мәселесіне байланысты қорғаушыларға қызығушылық танытып отыр. Вирджил ван Дейк пен Жоэль Матип жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды. Нәтижесінде, "Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп қорғаныста номиналды жартылай қорғаушы Фабиньоны қолдануға мәжбүр болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров