Жарнама
Жарнама

"Ливерпуль"-" Манчестер Сити" кездесуінде өрескел қателік болды

11.03.2024, 13:31

АПЛ матчтарында төрелік еткен Марк Клаттенбургтің пікірінше, кешегі "Ливерпуль"-" Манчестер Сити" кездесуінде "қалалықтар" қақпасына пенальти тағайындалуы тиіс болатын. 

 

Жарнама
Жарнама

Бұл туралы М. Клаттенбург "Daily Mail" басылымына жазған. "Ливерпуль" пенальти тебуі керек еді, бірақ дәл осында Премьер-лиганың түйінді мәселесі бар. Төрешілер қателікке бой алдырады, ал VAR оларға көмектеспейді. Доп жоғары ұшып, Маккалистер соған ұмтылған, ал Доку қарсыласын кеудеден тепті. Айып алаңының сыртында бұл  аптаның кез-келген күні фол деп танылар еді"- деді М. Клаттенбург осы эпизод туралы. 

Айта кетейік, қос команданың арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Турнирлік кестеде "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" екінші және үшінші орында келеді. Мерсисайдтық клубта 64 ұпай, ал "Ман Ситидің" еншісінде 63. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров