Жарнама
Жарнама

“Ливерпуль” марқұм Диого Жотаның жақындарына қолдау көрсетуін тоқтатар емес

26.09.2025, 18:00

Португалиялық футболшы Диого Жота мен оның туған ағасы Андре Силва биылғы жазда жол апатына ұшырап, қаза тапты. 28 жастағы Жота физикалық жағдайына байланысты ұшақпен жүре алмай, Португалиядан Испания арқылы автокөлікпен шыққан болатын. Сол сапар барысында өкінішке орай жол апаты орын алды.

Жарнама
Жарнама

“Ливерпуль” клубының бас бапкері Арне Слот футболшының қайғылы оқиғасынан кейінгі клубтың және жанкүйерлердің әрекеттері жайлы ауыз ашты. Ол клуб үшін ойыншының кенеттен өмірден өтуі ауыр соққы болғанын, бірақ осы қиын сәтте жанкүйерлердің қолдауы ерекше әсер еткенін атап өтті. Фанаттар футболшының құрметіне гүл шоқтарын қойып, қайғымен бөліскен, бұл Слоттың сөзінше, клубтың адамгершілік қасиетін айқын көрсеткен.

Слот сондай-ақ футболшылардың барлығы жерлеу рәсіміне қатысқанын, айтты.

Клубтың басшылығы да сынға ұшырауы мүмкін сәтте, Жотаның қалған жалақысын толықтай оның отбасына бергені ерекше бағалануда. 

“Бұл дұрыс шешім. Бірақ футболда әрдайым осылай жасау мүмкін емес.” — деді Арне Слот.

Бұл оқиға “Ливерпульдің” адамгершілік пен футболшыға деген құрметін көрсетті және жанкүйерлердің бірлігі мен клубтың қолдауының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров