"Ливерпуль" 2021 жылдың жазында "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппемен келісімшартқа отыру үшін шабуылшы ойыншылардың бірін сатуға дайын, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
Дереккөздің хабарлауынша, Мерсисайдтық клуб келісімшарты 2021 жылы аяқталатын 21 жастағы Мбаппе үшін таласта "Реал Мадридті" басып озғысы келеді. "Ливерпуль" Мбаппеге жол ашу үшін Мохаммед Салах, Садио Мане немесе Роберто Фирминоны сатуды қарастыруда. Үшеуінің де 2023 жылға дейін келісімшарттары бар. Егер жақсы ұсыныс түссе, үшеуінің бірі кетуі мүмкін.
Салах, Мане немесе Фирмино Ла Лига клубына ауысуы мүмкін, бірақ қайсы ойыншы екені нақтыланбаған. Диого Жотаның ауысуы Юрген Клопптың шабуылдағы бәсекелестікті арттырғысы келетінін көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET